К 30-летию Независимости Казахстана | 14 мамыр 09:24

Табиғатқа қамқорлық – ортақ іс

«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның «Жас маман кеңесі» мүшелері вахтааралық демалысында қоршаған ортаны қорғауға үлес қосты. І ауысым жұмысшылары және орталық кеңсе қызметкерлерітаң атысымен Каспий теңізінің 63 шақырымына барып, жағалаудағы демалыс аймағында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Мұнайшылар бастаған эко-акцияға Yessenov Univetsity жастары қолдау көрсетті. Колледж бен университет студенттері және ҚБМ жұмысшыларынан құрғалған 50-ге жуық жасайналадағы қатты қалдықтар мен жартас етегіндегі қоқыстарды ұйымшылдықпен жинады.

«Каспий теңізі – біздің басты байлығымыз. Оның жағалауындағы тазалық бәріміз үшін маңызды мәселе. Біз жыл сайын сенбілік ұйымдастырып, айналаны мұнтаздай таза етуге тырысамыз. Облыс тұрғындары мен қонақтарынтазалық сақтауға шақырамыз», - деді сенбілікке қатысушылар.

 

Бірлігі жарасқан жастар күл-қоқысты қапшықтарға салып, техника көмегімен жүк көлігіне тиеді. Жиналған қоқыстар арнайы полигонға жөнелтілді. Мұндай бағыттағы эко-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.