Бүгін Сарыағаш қаласында «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасының түлектеріне жабдықтар жиынтығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ел өңірлерін дамытуға бағытталған жобаларды әрдайым қолдайды.
Түркістан облысынан жобаның 27 қатысушысы өз ісін ашуға жабдықтар түріндегі гранттар алды - олар ноутбуктер, пештер, миксерлер, кушеткалар және мультимарок сканері және тағы басқалары.
Жоба шеңберінде қатысушылар «ЅММ», «Кондитерлік іс», «Сұлулық индустриясы» мамандықтарын игерді.
Жоба мақсаты – сұранысқа ие мамандықтарға оқыту және шағын гранттық қолдау көрсету арқылы адамдардың әл-ауқатын арттыру. Осыған дейін құрал-жабық түріндегі грантты Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының түлектері иеленді.