Бұл жоба ауыл тұрғындары арасында шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Ол өз ісін жүргізу мәселелері бойынша кейіннен тәлімгердің қолдаумен қызметтің сұранысқа ие бағыттары бойынша оқу мүмкіндігін ұсынады. Сондай-ақ, жобаға қатысушылар өз бизнесін дамыту үшін қажетті тиісті жабдықты (құны 150 АЕК) тегін алады.
Жобаға қатысқан жалпы 43 түлекке оқуды сәтті аяқтағаны туралы сертификат тапсырылды. Бұл әлеуметтік жобаға қатысушылардың екінші шығарылымы. Бірінші лекте Түркістан облысынан 27 адам оқып, грант алған болатын, олардың 12-сі қазір жұмыс істеп, алған білімдерін іске асыруда.
Жоба құрамына Қазатомөнеркәсіп те кіретін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен іске асырылды.
«Бұл жоба отбасының әл-ауқаты мен материалдық мүмкіндіктерін арттыруға жол ашады деп санаймын. Отбасындағы әйелдің рөлі маңызды, өйткені оның үлгісі өскелең ұрпақты тәрбиелеуге әсер етеді», – деді Қазатомөнеркәсіптің HR және әлеуметтік жұмыс жөніндегі басқарушы директоры Ләззат Қожахметова.