Іс-шара ұжымның жалпы дене жаттығуларын жасаудан басталды. Бұл күні бөлімшеде медициналық кабинет те ашылды. Дәрігерлер қан қысымын, қандағы глюкоза деңгейін өлшеп, дене салмағының индексін анықтады.
Теміржолшыларға жүрек-қан тамырлары ауруларының, қант диабетінің және тағы басқа аурулардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес берілді.
Ең белсенді теміржолшылар волейбол турниріне қатысты. Екі команда: Көкшетау бөлімшесі мен станциясы жарысты. Бірінші орынды бөлімше спортшылары иеленді.