Мұнайшылар жұмыс ауысымынан кейін кітапханаға келіп, бос уақытын кітап оқуға арнайды. Мұнда үнемі ұйымдастырылатын шаралар адамның рухани баюына, тарихи-мәдени мұраны сақтауға ықпал етеді. Көрмеге қойылған материалдарда мемлекетіміздің қалыптасуы мен жеткен жетістігіміз қамтылатын маңызды оқиғалар көрсетілген.
«Әріптестеріміздің арасында кітап оқығанды ұнататындар көп. Кітап алуға келген әр мұнайшы мұндағы материалдарға көз жүгіртпей өтпейді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қойылған көрме жыл соңына дейін жұмыс істейді. Ел бойынша тойланатын маңызды мерекелер кезінде осындай көрмелерді дәстүрлі түрде ұйымдастырамыз», – деп атап өтті кітапханашы Роза Торғаева.