Қызметкерлер жұмыс ауысымынан кейін ғылым мен мәдениет саласындағы білімін нығайтып, адами құндылықтар, бала тәрбиесі және отбасылық қарым-қатынас туралы айтты.
Сонымен қатар, спикер еңбек ұжымына ұлы ойшыл Абай философиясының тереңдігін, оның еңбекке деген құштарлықты оятатын шығармаларына тоқталды. Қызықты кездесу барысында мұнайшылар пікірлерімен бөлісіп, сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды.
«Біз көп уақытымызды үйден жырақта, вахтада өткіземіз. Сондықтан біз үшін балаларымызды тәрбиелеуге, отбасылық құндылықтарды сақтауға, еңбекқорлыққа байланысты пайдалы ақпарат алу маңызды. Абай Құнанбаев өмір философиясын терең толғаған тұлға болғандықтан, біз оның еңбектерін одан әрі зерделей отырып, мақсатымызға қол жеткізуге шабыт алдық. Бұдан бөлек, қызметімізді құрметтеп, қолда барға қанағат деп, шүкіршілігіміз молая түсті», – деп қаражанбастықтар өз әсерлерімен бөлісті.
Вахтааралық демалыстағы мұнайшылар мен орталық кеңсе қызметкерлері де шарадан тыс қалмай, Ақтауда ұйымдастырылған оқыту тренингіне қатысты. Олар да көптеген құнды ақпарат алып, рухани байлығын молайта түсті. Мұнайшылар спикерге шын жүректен алғыс білдіріп, естелік ретінде кітаптарына қолтаңба алды. Омар Жәлел де ерекше шабытқа бөленіп, жұмысшыларға жылы сөздерін арнады. Осылайша қаражанбастықтар құнды кездесуден керемет әсермен тарқасты.