Додаға мұнай кәсіпшілігінің әртүрлі цехтары мен учаскелерінен шеберлер, операторлар, дәнекерлеушілер мен слесарьлар қатысты.
Нәтижесінде 20 адамның ішінен үздік шыққан Қабат қысымын ұстау цехының шебері Нұрлан Сатқанбаев болды. Жүлделі 2-орынды механикалық цехтың тегістеу станогының маманы Иса Дәуенов еншілесе, Мұнай және газ өндіру цехының операторы Сәкен Досаев үздік үштікті қорытындылады.
Ойынның барлық жеңімпаздары қаржылай сыйлықтарымен қоса арнайы дипломдармен марапатталды.