«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асырудың негізгі кезеңдері туралы сындарлы диалог өтті. Кездесу барысында жобалаушылар мен құрылыс салушыларды іріктеу рәсімдері, құрылыс сапасын бақылауды қамтамасыз ету, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу мәселелер талқыланды. Белгіленген жер учаскелерінің орналасуына ерекше назар аударылды, олар жергілік қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқушыларға қадамдық қол жетімділікті қамтамасыз етуі керек.
Кездесу қорытындысы бойынша барлық қозғалған мәселелер мен ұсыныстар бақылауға алынып, ұлттық жобаны іске асыруға жауапты барлық мемлекеттік және жергілікті органдармен пысықталатын болады.
Осылайша, бұл кездесу «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің өзара іс-қимылының бастапқы нүктесі болып табылды. Кездесуге қатысушылар нақты мәселелер мен әзірлемелермен тағы да кездесуге ниет білдірді.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес – коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, ҚР Оқу-ағарту министрлікгінің құзыретіндегі мәселелер бойынша құрылған консультативтік-кеңесші, байқаушы орган болып табылады. Оның құрамына жекеменшік білім беру ұйымдарының өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер, депутаттар, ҮЕҰ және ІТ саласының өкілдері, мұғалімдер, мектеп директорларынан құралған 21 адам кірді.
Қоғамдық кеңес үш жыл мерзімге сайланады. Қоғамдық кеңестің міндеттері - талқылау мен шешім қабылдауда азаматтық қоғамның мүддесін білдіру, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.