К 30-летию Независимости Казахстана | 02 мамыр 14:11

ҰОС ардагерлері Тальгода тегін жүреді және...

...сапар барысында тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Жалпы "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры "Жолаушылар тасымалы" АҚ-мен бірлесе, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне теміржол көлігінің қызметтерін тегін пайдалануға мүмкіндік беретін акцияның іске қосылғанын хабарлап отыр.

Бұл акция "Жеңіс" республикалық әлеуметік-қайырымдылық жобасының аясында өтуде.  

Акция шарттарына сәйкес, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ жүзеге асыратын барлық бағыттар бойынша тегін жол жүру мүмкіндігі беріледі. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне барлық санаттағы пойыздардың купелік вагондарында, соның ішінде "Турист" сыныпты вагондарда және "Talgo" компаниясының пойыздарында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арнайы купеде орындар бөлінеді.

Билеттерді рәсімдеу үшін билет кассасына жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және ҰОС ардагері немесе тыл еңбеккері куәлігінің түпнұсқасын ұсыну қажет.

ТМД елдеріне жол жүру кезінде жол жүру құжаттары (билеттер) тек Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сату пункттерінде рәсімделеді.