К 30-летию Независимости Казахстана | 27 тамыз 10:30

Taraz және Liwa танкерлері 100 рейс жасады

Барлығы 645 347 тонна мұнай тасымалданды.  

Taraz және Liwa танкерлері пайдалануға берілген уақыттан бастап Ақтау портынан Махачкалаға дейін 100 рет толық сапар жасап, 645 347 тонна мұнай тасымалдады.

Қазіргі кезде Taraz және Liwa су көліктері Каспий теңізінде Ақтау — Махачкала — Ақтау бағытында қатынайды. Еске сала кетсек, былтыр қараша айында Ақтау портында Taraz және Liwa мұнай құю танкерлерін салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

Олар ҚазМұнайГаз бен AD Ports Group арасындағы ынтымақтастық аясында сатып алынды.