Жамбыл жүк тасымалы бөлімінің бас инженері Дүйсенбек Сыдықовтың айтуынша, мұндай рейдтер үнемі өтіп тұрады. Сондай-ақ, теміржолшылар қалалық мектептерде қауіпсіздік сабақтарын, көлік жүргізушілерімен жол жүру ережелерін сақтау маңызды екендігі туралы профилактикалық әңгімелер өткізеді.
«Қала тұрғындарын теміржол инфрақұрылымы нысандарының жанында өте қырағы болуға шақырамыз, асығыстық пен тәртіпсіздік қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін», - деді ол.
ҚТЖ-да темір жолындағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға көп көңіл бөлінеді. Теміржолшылар профилактикалық жұмысты еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіп келеді.