Қазіргі кезде темір жолдан өтетін екі өткел бар, біріншісі Жібек жолы даңғылы мен Балуан Шолақ көшесінің қиылысында, екінші жаңа үлкен өткел Айша бибі мен Байзақ батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. Жаңа көпір Абай даңғылың біріктіріп, Балуан Шолақ пен Самарқанд көшелерінің қиылысында салынады.
«Біздің қазіргі істеп жатқан ең үлкен жұмысымыз, темір жолмен бөлінген Абай даңғылын қосып көпір салу. Егер сол көпір салынса, бәрі айналып жүрмейді. Қала әкімдігі құжаттарын дайындап жатыр, кейін өкіметпен жұмыс жасайтын боламыз», - деді облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Jambyl» телеарнасында өткен Әкім сағатында.
Ерман Әбдиев