Шараға сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ мен Еуразиялық даму банкі өкілдері және тағы басқа тараптар қатысты.
Газ құбыры Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынып жатыр. Ауқымды жобаны қаржыландыруға "Самұрық-Қазына" қоры белсене қатысты, құрылыс мердігері "ҚазҚұрылысСервис" МГҚК" АҚ, операторы – "Астана Газ ҚМГ" компаниясы.
Айта кету керек, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ еншілес компаниясы желісі бойынша жобаның желілік бөлігінің құрылысы ағымдағы жылдың наурыз айында басталды. Осылайша, құрылысшылар 8 айдың ішінде Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша газ құбырын тартты.
Салтанатты рәсім барысында Ахметжан Есімов құрылысқа оң баға беріп, еліміздің солтүстік және орталық өңірлерін табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етудің, көмірден жылу беру нысандарын газға көшірудің, сондай-ақ газ құбыры өтетін облыстардың экологиясын жақсартудың маңыздылығын атап өтті.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамасы аясында салынған газ құбыры еліміздің Орталық Қазақстан мен астанасын ортақ газ тасымалдау желісімен байланыстырды. Бұл бір жылдан аз уақыт ішінде салынған тәуелсіздік жылдарындағы ең ірі инфрақұрылымдық жоба",- деді Ахметжан Есімов.
Елорда әкімі Алтай Көлгінов үлкен жұмыстың атқарылғанын атап өтті. Жергілікті атқарушы органдардың міндеті - газды қала ішінде бөлу.
Жобаның бірінші кезегі ЖЭО-1,2,3, Көктал-1,2, Железнодорожный кенті, Оңтүстік-Шығыс (оң және сол) аудандарына дейін газ тарату желілеріне газ беруді көздейді. 1 кезең аяқталған соң 13,5 мың үйдің тұрғындары газбен қамтылады.
Жобаның екінші кезегі - Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3 ПК), Пригородный, Garden Village, Family Village (4 ПК) елді-мекендері газбен қамтылады. Ал үшінші кезекте Ильинка (1-2-ші ДК), Шұбар (3-ші ДК), Өндіріс (4-ші ДК) елді-мекендері газдандырылады.Пайдалануға берілгеннен кейін газ құбыры газ тасымалдауды жүзеге асыруға "Интергаз Орталық Алия" АҚ-на (ИОА) жалға беріледі.