8000 м-ден жоғары биіктіктегі дауыл мен боран түріндегі күрделі ауа райы жағдайларына байланысты шыңды бағындыруға ниеттенген экспедициялардың көпшілігі бағытынан кері қайтты, тек бес елдің альпинистері Эверестке сәтті көтеріле алды. Олардың арасында біздің отандастарымыз бар – тарихта әлемнің ең биік шыңына шыққан тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева және еңбегі сіңген қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев, бұл оның Эверест шыңына осымен үшінші рет шығуы.
Жалпы, «Kazakh Everest Team» командасының өрлеуі бес тәулікке созылды: 7 мамырда базалық лагерьден (5 350 м.) шығудан басталып, содан кейін біздің альпинистер I Лагерь (6 100 м.) арқылы өтіп, одан кейін II Лагерьге (6 400 м.), III Лагерьге (7 100 м.) көтерілді және IV Лагерьге (8000 м.) жеткен соң одан әрі Эверест (8848 м.) шыңына қарай тоқтаусыз жүріп отырды. Эверест шыңында «Kazakh Everest Team» спорттық-патриоттық экспедициясының қатысушылары Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын орнатты.
12 сәуірде Анар мен Мақсұт IV Лагерьде (8000 м.) күрделі көтерілуден кейін төмен түсу үшін күш-қуатын қалпына келтіріп жатыр. Альпинистердің жағдайы қанағаттанарлық деп сипатталады, бірақ күші сарқылып, базалық лагерьге түсу үшін біраз жинақталуы керек болып тұр.
Қатысушылар базалық лагерьге бүгін түстен кейін жетеді деп болжануда, байланысқа түсе салысымен Эверест шыңын бағындыру туралы жаңалықтары мен хабарламалары көпшілікке жеткізілетін болады!