Тараптар «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов пен «РЖД" ААҚ Бас Директорының бірінші орынбасары Сергей Павловтың басшылығымен бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Олардың арасында – «РЖД» ААҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ/ «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС қатысуымен қағазсыз технология бойынша жүктер мен вагондарды тасымалдауға көшуді жандандыру жөніндегі жол картасын және «РЖД» ААҚ мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасындағы 2021-2022 жылдарға арналған стратегиялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бар.
Кездесу қорытындысы бойынша «РЖД» ААҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірлескен жұмыс тобы оныншы отырысының хаттамасына қол қойылды. Қазақстандық және ресейлік теміржолшылар кезекті кездесуді 2022 жылдың І тоқсанында Қазақстанда өткізуге келісті.