К 30-летию Независимости Казахстана | 25 қаңтар 08:20

Тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ҚТЖ-ның өзгермейтін ұстанымы

Өткен жылы ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігін жақсартуға, жылжымалы құрам мен инфрақұрылым құрылғыларының сенімділігін жаңартуға және арттыруға бағытталған жоспарланған іс-шаралар орындалды. 1443 км темір жол жөнделді (жоспардан 108% жоғары), 634 бағыттамалық бұрма жиынтығы ауыстырылды. 2023 жылы 113 заманауи локомотив, отандық 94 жолаушылар вагоны сатып алынды.

ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізіледі. Жолдың жай-күйін диагностикалау үшін аралас жүрісте мобильді диагностикалық зертханалар және заманауи өлшеу жүйелерімен жабдықталған мобильді диагностикалық кешендер (МДК) сатып алынды. Қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру мен еңбек жағдайларын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

Цифрлық технологияларды енгізу қозғалыс қауіпсіздігін басқарудың қауіпсіздік деңгейі мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Пилоттық режимде адами факторды азайтуға және техникамен штаттан тыс жағдайлардың алдын алуға бағытталған «Тежегіш башмактарды есепке алу және сақтау» автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Жүйе тежегіш башмактардың сақталуын онлайн есепке алуды және бақылауды, жылжымалы құрамның тежегіш башмактары бекітілуін есептеуді жүргізеді. ҚТЖ-да пайдалану көрсеткіштерін, пойыздық жағдайды және жалпы қозғалыс қауіпсіздігін мониторингілеу үшін «Инфо-орталық» жүйесі әзірленуде. Сондай-ақ тәуекелдерді және олардың қозғалыс қауіпсіздігіне әсерін бағалау үшін «Тәуекелдерді талдау» автоматтандырылған жүйесі әзірленуде.

Темір жолдарында адамдардың жарақат алу жағдайларын азайту үшін халықпен теміржол көлігі объектілерінде болу ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, темір жолдарында болу қаупі туралы ескерту белгілері жаңартылды.