К 30-летию Независимости Казахстана | 13 наурыз 08:30

Татарстан мен Қазақстан энергетиктері тәжірибе алмасады

ҚР Энергетика министрлігі Татарстанның «Желілік Компания» АҚ мен қазақстандық «Самұрық-энерго» АҚ және KEGOC АҚ компанияларының өкілдерімен энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында «Желілік Компания» АҚ Татарстан Республикасының электр желілері кешенін цифрландырудағы тәжірибесі мен жетістіктерін таныстырды.

Өз кезегінде ҚР Энергетика вице-министрі бүгінгі таңда Қазақстанда «Ақылды желі» технологиясын енгізу тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын, соның аясында Татарстан Республикасының тәжірибесін зерделеуге болатынын атап өтті.

«Кездесу барысында Қазақстанның мүдделі кәсіпорындарымен кездесулер ұйымдастыру, әрі қарай тәжірибе алмасу және саланы дамыту мақсатында жұмыс тобын құру бойынша ұсыныстар айтылды», – делінген министрліктің мәліметінде.

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от ҚР Энергетика министрлігі (@ministry_of_energy)