Кездесу барысында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен "Татнефть" ААҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар Қазақстанда мұнай өңдеу, мұнай-химия және газ-химия нысандарын жобалау және жаңғырту, сондай-ақ мұнай өндіру, цифрлық технологияларды енгізу бойынша жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастастық туралы келісімге келді.
Татарстан Президенті сауда миссияларының шетелдік әріптестермен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өтті. Атап өткен жөн, Татарстанның мұнай-химия өнеркәсібі мұнай өндіру саласымен қатар қарқынды дамуда.
Бұдан басқа, тараптар Қазан қаласының маңындағы "Иннополис" инновациялық орталығының аясында Қормен болашақта жоспарланған ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, ғылыми, жоғары технологиялық экожүйелерді құру, соның ішінде бизнес-модельді қалыптастыру, күтілетін нәтижелер мен инвестицияларды тарту бойынша тәжірибе алмасу салаларын сөз етті.
Кездесу соңында Қор басшысы Татарстан жетекшісіне жекешелендіру бағдарламасын ұсынды. Айта кеткен жөн, Қор 2015 жылы Үкіметтің қабылданған кешенді жекешелендіру жоспарын жүзеге асыруға қатысады. Жоспарға енгізілген Қор тобы активтерінің 80%-дан астамы өткізілді. Олардың маңыздыларының бірі "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының 15% қатысу үлесін 2018 жылдың қараша айында IPO-ға орналастыру болды. Сондай-ақ, алдағы жылдары Қордың 8 негізгі компанияларын, оның ішінде "Эйр Астана", "Қазақтелеком", "ҚазМұнайГаз", "Самұрық Энерго", "Тау-кен Самұрық", "Қазпошта", "Қазақстан Темір Жолы" және "Qazaq Air" компанияларының акцияларын орналастыру немесе стратегиялық сату жоспарланып отыр.