«Тау-Кен Алтын» ЖШС орталық зауыт зертханасы LBMA ұсынған тазартылған алтын сынамаларына талдау жүргізді. Зерттеудің дәлдігі Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығының талаптарына сәйкес келетін сапаны растады, барлық нәтижелер рұқсат етілген айырмашылықтар шегінде болды.
LBMA қағадаларына сәйкес «Good Delivery» стандартының талаптарына сәйкес келетін ұйымдардың тізбесіне енгізілген барлық аффинаж кәсіпорындары үш жылда бір рет осы мониторингтен өтуі тиіс.