Геологиялық барлау жобасын жүзеге асырудың мерзімі – шамамен 6 жыл, алғашқы кезеңде геологиялық барлау «Discovery Ventures Kazakhstan» ЖШС тарапынан қаржыландырылады. Келісім-шарттық учаскелердің жалпы ауданы – 1 400 км2 жуық ауданды құрайды. Операторлық келісім бойынша алтын, мыс, мырыш және ілеспе металдарды барлау қарастырылған. Қазіргі уақытта «Discovery Ventures Kazakhstan» ЖШС Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті рұқсаттық құжаттарды алуда.