К 30-летию Независимости Казахстана | 21 января 12:32

«Тау-Кен Самұрық» ЖИ элементтері бар жабдықтарға предиктивті қызмет көрсету жүйесін енгізуде

«Самұрық-Қазынаның» портфельдік компаниясы Астанадағы «Тау-Кен Алтын» аффинаж өндірісінде жабдықтарға предиктивті қызмет көрсетуге арналған цифрлық жүйені енгізуді бастады.

Жүйе қалай жұмыс істейді? Жабдықтардың негізгі тораптарына тербеліс пен температура хабаршысы орнатылады. Олар деректерді тәулік бойы талдау жүйесіне жіберіп отырады. Жүйе қалыпты көрсеткіштен ауытқыған жағдайды анықтап, ықтимал қауіп-қатер туралы инженерлерге алдын ала хабар береді.

Предиктивті тәсілдің артықшылықтары:

апатты жөндеуден жоспарлы қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік береді; өндірістің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттырады; экономикалық тиімді — «пилоттық» жобаның бағалауына сәйкес жылына 20 млн теңгеге дейін; жабдықтардың техникалық жай-күйін талдап, бақылайды.

Пилоттық жоба пештердің салқындату циркуляциялық сорғыларында және жеңдік сүзгінің желдеткішінде іске асырылып, 4 негізгі аймаққа 4 хабаршы орнатылды. Алдағы уақытта бұл шешімді басқа да өндірістік алаңдарда қолдану жоспарланып отыр.