Құжат Ұлттық тау-кен компаниясы мен ЕҚДБ-ның көпжылдық табысты ынтымақтастығының қисынды жалғасы және тау-кен секторын жаңғырту әрі оның инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі күш-жігерді шоғырландыруға бағытталған.
Ынтымақтастықта декарбонизацияға және жасыл экономикаға көшуге, отандық тау-кен секторының техникалық және инновациялық дамуын ынталандыруға, оның ішінде жетекші әлемдік технологияларды енгізуге баса назар аударылатын болады. Ынтымақтастықтың мәні – Қазақстанның шикізат базасын кеңейту мүмкіндіктерін зерделеу және еуропалық нарыққа аса маңызды металдарды жеткізуді ұлғайту.