К 30-летию Независимости Казахстана | 25 мамыр 16:10

Таушықтағы тазалық шарасы

Түпқараған ауданы әкімдігінің өтінішіне сәйкес өзара ынтымақтастық және серіктестік аясында «Қаражанбасмұнай» АҚ мұнайшылары Таушық ауылы маңындағы Төрорпа жерінде орналасқан ауыз су ұңғысын тазартуға көмектесті.

Ауылға ауыз су екі жер асты көзінен келеді. Олардың біреуі ұзақ уақыттан бері жұмыс істемейді. Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу басқармасы жұмысшылары 30 метр тереңдіктен тот басқан құбырларды шығарып, құмға көмілген ұңғы орнын тазалады. Жөндеу жұмыстарына 5 маман мен 3 арнайы техника жұмылдырылды.

Берілген жұмысты орындағаннан соң мамандар ұңғыны ауыл әкімдігіне тапсырды. Өз кезегінде олар сорап қондырғысын ауыстырып, ұңғыны іске қосуы керек. Ауылдықтар мұнайшыларға мәселені шешуге жан-жақты қолдау көрсеткені және жедел әрекет еткені үшін алғыс білдірді.