Бұл "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС, "Жолаушылар тасымалы" АҚ, Ақтау және Құрық порттары, "Вагонсервис" АҚ және "Жол диагностикасы орталығы" және "Магистральдық желі дирекциясы" филиалдарының қызметкерлері.
Теміржолшылар әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік объектілердің 1 млн шаршы метрден астам аумағын эстетикалық түрге келтірді. 30 тоннадан астам қалдықтар (қағаз, пластик) жиналды. Сонымен қатар 5,4 тонна аккумуляторлы батареялар жойылды. Әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік объектілер аумағында 4 мыңнан астам көшет отырғызылды.
Ақтау теңіз портының қызметкерлері Өмірзақ ауылындағы сенбілікке және Маңғыстау облысының әкімдігі ұйымдастырған Каспий теңізінің жағасында қоқыс жинау жөніндегі экологиялық акцияға қатысты. Құрық портының қызметкерлері Маңғыстау облысындағы, Үштаған ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан "Масат Ата" қасиетті қорымының аумағын ауқымды жинауды ұйымдастырды.
ҚТЖ - "Жол диагностикасы орталығы" филиалы өз аумағын абаттандыру және көгалдандыру бойынша 11 сенбілік өткізді: қақпалар мен қоршаулар сырланды, шекаралар ақталды, орындықтар, самалжай, көше шамдары орнатылды. Бөлме өсімдіктері филиалдың әкімшілік ғимаратының бөлмелерін безендірді.