К 30-летию Независимости Казахстана | 21 қазан 09:20

«Таза Қазақстан»: ҚазМұнайГаз экологиялық бастамаларды қолдауды жалғастыруда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ҚазМұнайГаз елімізді көгалдандыруға өз үлесін қосуда. Елордадағы №111 мектеп аумағында (Тұран даңғылы, 55/22) биіктігі 3 метрден асатын 130 ағаш отырғызылды.

Жыл сайын ағаш отырғызу Компания үшін дәстүрге айналды. Мәселен, биыл көктемде №75 мектеп-гимназиясының аумағында Мәңгілік ел даңғылы, 28/1 және «Мәңгілік» тұрғын үй кешені алаңында Әлихан Бөкейхан көшесі, 40 бойынша 600-ден астам ағаш, соның ішінде шырша, қайың, үйеңкі, алма, алмұрт, қарағаш және жөке ағаштары отырғызылды.

Қазіргі уақытта еліміздің әртүрлі аймақтарында 37 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Биылғы жылдың соңына дейін ҚМГ бұл санды 88 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы сәуір айының басында ҚазМұнайГаздың ұйымдастыруымен Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы 15 мың гектар алқапқа 4,5 млн сексеуіл көшеті отырғызылды.

ҚазМұнайГаз әлеуметтік жауапты компания ретінде өз ұстанымын нығайта отырып, елдің экологиялық болашағына өз үлесін қосуды жалғастыруда.