ҚМГ қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында, сондай-ақ «World Clean Up Day» акциясын қолдау мақсатында кезекті сенбілікке шықты. ҚазМұнайГаздықтар Астанада Дінмұхамед Қонаев көшесіне (Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік даңғылына дейін) іргелес жатқан аумақтың екі жағын тазалап, 100 қап қоқыс жинады.
«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында ҚазМұнайГаз 2024 жылдың көктемінде Арал теңізінің түбіне 4,5 миллион сексеуіл көшетін отырғызды. Сондай-ақ жыл соңына дейін өзінің кәсіпорындары бар аймақтарда 88 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызуды жоспарлауда.
Ағымдағы жылдың басынан бастап ҚМГ компаниялар тобы бойынша барлығы 200-ге жуық экологиялық іс-шара өтті: сенбіліктер, ағаш отырғызу акциялары, экологиялық челлендждер мен шеберлік сыныптары.