ҚМГ еріктілер қозғалысының жетекшісі Балдырған Өмірбекова Компаниядадағы іске асырылып жатқан экологиялық бастамалар туралы ақпаратпен бөлісіп және әріптестерін мектептерде эко-құрылым құруға әртүрлі іс-шараларды өткізу үшін эко-амбассадорлар легін жасақтауға белсенді қатысуға шақырды.
Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы Гүлвира Бақытқызы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен ҚМГ компаниялар тобындағы іс-шаралардың нәтижелерімен, сондай-ақ «Жасыл кеңсе» қағидаттарымен бөлісті. Ол аумақтарды жинау және абаттандыру бойынша 75-тен астам акция, 7,5 мыңнан астам адамның қатысуымен 180-ге жуық сенбілік және жасыл желектерді әктеу бойынша 60 іс-шара өткізілгендігін,бір жыл ішінде фандоматта 44 мыңнан астам пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкалар жиналғандығын атап өтті.
Семинарға компанияның 120-дан астам қызметкері қатысты, олардың 70-і офлайн және 50-ге жуығы онлайн.
Шақырылған спикер, эколог және жасыл бастамалардың эко-амбассадоры Әсел Құспанова маңызды экологиялық тақырыптарды талқылады: ресурстарды тұтынуды азайту, тұрмыстық қалдықтарды қалыптастыру, қалдықтарды бөлек жинау.
ҚМГ қызметкерлері Астанадағы қайта өңдеуге жататынын қалдықтарды қабылдайтын орындар туралы ақпарат алды. Спикер сонымен қатар жаңа заттарды сатып алуға саналы түрде жақындауға және қағаз тұтынуды азайтуға шақырды.
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қайрат Сейтмағамбетов шеберлік сабағының қорытындылап қызметті экологияландыру және ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша өзекті және пайдалы ақпарат ұсынылғанын атап өтті. Ол ҚазМұнайГаздың осы бағыттағы жұмысын жалғастыратынын атап өтті.
Іс-шара соңында ҚМГ-да әр бейсенбі сайын «Қағазсыз күн» болатыны туралы қаулы қабылданды. Шеберлік сабағына қатысушылар мен компанияның басқа қызметкерлері «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында ұйымдастырылған ҚМГ ғимаратындағы тегін «Дармаркада» кітап алмасты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жұртшылықтың назарын экологиялық проблемаларға және табиғаттың тазалығын сақтаудың маңыздылығына аударуға арналғанын еске саламыз.
ҚазМұнайГаз қызметкерлері бұл акцияға белсенді түрде ат салысуда. Олар бірнеше рет белгілі жер телімдерін тазалауға, қоқыстарды сұрыптауға, ағаш отырғызуға, экологиялық шеберлік сыныптары мен ағарту іс-шараларына да қатысты.
Сонымен бірге ҚМГ қалдықтарды, энергия тұтынуды және зиянды заттардың шығарындыларын азайтуға бағытталған заманауи технологиялар мен тәжірибелерді белсенді түрде енгізуде.