Бұл "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның бей-жай қарай алмайтын жұмыскерлері үшін игі істер өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Форум аясында "Таза ойындар" экологиялық квестінде еріктілер ерекше белсенді болды.
Осы эко-акция барысында еріктілер Астана маңындағы Жібек Жолы кентінде 100 астам қап - шамамен 1 тонна қоқыс жинады.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметкерлері әрқашан қайырымды жобаларға қатысуға дайын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен "Таза Қазақстан" ауқымды республикалық экологиялық акциясына осы жылдың 8 айында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 84 мың теміржолшы қатысты. Бұл "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС, "Жолаушылар тасымалы" АҚ, Ақтау және Құрық порттары, "Вагонсервис" АҚ және "Жол диагностикасы орталығы" және "Магистральдық желі дирекциясы" ҚТЖ филиалдарының қызметкерлері.
Теміржолшылар әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік объектілердің 1 млн шаршы метрден астам аумағын эстетикалық түрге келтірді. 30 тоннадан астам қалдықтар (қағаз, пластик) жиналды. 5,4 тонна батарея аккумуляторлары жойылды. Әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік объектілер аумағында 4 мыңнан астам көшет отырғызылды.