Бөлімше директоры Е.Сәулебеков бастап шыққан сенбілікте жаңарған теміржол вокзалының айналасы түгел тазаланды. Көпшіліктің күнделікті жиналатын орны болғандықтан мұнда вокзал стилине үйлесетін сәндік ағаштардың өскіндері таңдалып отырғызылды.
– Қызылорда – Сыр бойындағы ірі қала. Қаланың тазалығына әр тұрғын жауапты. Оның үстіне қазір қалада «Таза Қазақстан» акциясы белсенді жүріп, күз маусымы басталғалы сенбіліктер тұрақты өткізіліп келеді. Теміржолшылар да мұндай шарадан тыс қалмақ емес. Бұл жолы вокзал маңына арша ағаштары отырғызылды, – дейді бөлімшенің кәсіподақ ұйымының төрайымы Салтанат Махмутова.
Сабырхан Сейілбекұлы
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"