Есепті кезеңде Қор 825,3 млрд теңге көлемінде таза табыс көрді, бұл былтырғы жылдың сәйкесінші кезеңімен салыстырғанда екі еседен көп артық. Жоспар бойынша бұл көрсеткіш 533 млрд теңге болуы керек болатын. Қаржылық көрсеткіштердің айтарлықтай жақсаруы Қор компанияларындағы өндірістік көрсеткіштердің артуы мен мұнай бағасының қымбаттауына байланысты болып отыр.
Есепті кезеңдегі операциялық пайда (NOPLAT) 635,7 млрд теңгені құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 336 млрд теңгеге немесе 112%-ға көп.
9 айдың ішіндегі электр энергиясының өндірісі 20,2-ден 23,6 млрд кВТ/сағ дейін, яғни 17%-ға артты. Көмір өндірісінің көлемі 13%-ға артып, 32,6 млн тоннаны құрады. Мұнай мен газ конденсатының өндірісі 17,6 млн тоннаны құрады, бұл былтырғы жылдың көрсеткішінен артық. Табиғи газ өндірісі 2%-ға артып, 5,8 млн тоннаны құрады. Мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу көлемі 8%-ға артты және 9,9 млн тоннаны межеледі. Теміржолмен жүк тасымалдау 8%-ға артып, 150-ден 162 млрд тонна-шақырымға жетті.
Биылғы жылдың сәуір айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қордың 2018-2028 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясын мақұлдады, оған сәйкес Қордың негізгі мақсаты мен міндеті – қоржындық компанияларды тиімді басқару және олардың көрсеткіштерін дүниежүзілік деңгейге жеткізу.