Операциялық пайда (NOPLAT) өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда есептік кезеңде 9,6 %-ға өсті. Тиісінше таза табыс 39,5 %-ға артып, 1158 млрд теңгені құрады.
Сонымен қатар, Ахметжан Есімов Қордың "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ IPO-ға келесі жылы шығару жоспарын растады, сондай-ақ сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
"Сатып алу жүйесін жетілдірудің арқасында өткен жылы біз 121 млрд теңгені үнемдедік. Биыл 153 млрд теңгені үнемдеу жоспарланып отыр", - деді кездесу барысында Қор басшысы.
Айта кету керек, 2018 жылдың сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" қорының 2018-2028 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын мақұлдады. Елбасы Ұлттық әл-ауқат қорына негізгі мақсаттың бірі ретінде қоржындық компанияларды тиімді басқаруды және олардың қызметінің көрсеткіштерін ұқсас әлемдік компаниялардың көрсеткіштерімен теңестіруді жүктеді.