К 30-летию Независимости Казахстана | 10 наурыз 14:00

Техникалық шарттарды алу енді онлайн түрде болады

Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар енді өз желілерін «Қазақтелеком» АҚ желісіне онлайн форматта қосуға техникалық шарттар ала алады. Бұл қызмет енді Ismet.kz бизнес платформасында қол жетімді.

«Қазақтелеком» АҚ жеке кәсіпкерлер арасынан абоненттерді цифрлық қызмет көрсету форматына 100 пайыз аударуға бағыт алды. Абоненттердің ыңғайлылығы үшін онлайн форматқа: қызметтерді қосуға өтінім беру, төлем деректемелерін ауыстыру, төлемдерді ауыстыру және қайтару, ЭЦҚ, QR көмегімен құжаттарға қол қою, шот-фактураларды алу, АВР, ұсынылған қызметтерді, салыстыру актілері мен басқаларын егжей-тегжейлі көрсету аударылған.

«Біз еліміздің ірі телеком операторы ретінде клиенттерімізбен өзара іс-қимыл процестерін барынша цифрландыруға ұмтыламыз және оларға ыңғайлы болу үшін онлайн сервистер алу мүмкіндігін кеңейтеміз», - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ БЖК цифрландыру жөніндегі директоры Айкен Серкебаева

Осы жылдан бастап Ismet.kz порталында тағы бір ыңғайлы шешім пайда болды – кабельдік кәрізге талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеу үшін техникалық шарттар беру. Бұл қызметті байланыс операторлары да, кеңсеге өз есебінен оптикалық желі салғысы келетін кәсіпкерлер де пайдалана алады.

«Клиенттерге енді «Қазақтелеком» кеңсесіне келіп, қағаздарды ресімдеуге, төлем жүргізуге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Техникалық шарттарды алудың барлық рәсімі барынша жеңілдетілді және онлайн режимінде іске асырылды. Заңды тұлғалар порталға кіріп, тапсырыс жасап, төлем жасауы керек, содан кейін техникалық шарттарды әзірлегеннен кейін оларды Ismet.kz бизнес-платформадағы жеке кабинетінен алуы керек», - деп түсіндірді «Қазақтелеком» АҚ БЖК «Digital office» департаментінің автоматтандыру қызметінің басшысы Светлана Ковшова.

Бүгінгі таңда кабельдік кәрізде талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеу үшін техникалық шарттарды клиенттердің қалауы бойынша онлайн және офлайн режимінде алуға болады. Цифрлық жолды алғашқы тұтынушылар сынап көрді және жаңа шешімге оң баға берді.

Техникалық шарттарды онлайн форматта алу қызметін пайдаланған алғашқы клиент SMS TAXI ЖК компаниясы болды. Такси паркінің диспетчерлері үшін кеңсеге сапалы байланыс қажет, ал менеджер кеңсе ғимаратына өз есебінен оптикалық желі салуды шешті. Компания өкілі Анжела Павлова «Қазақтелекомға» жүгініп, Ismet.kz порталда тіркелді, өтінімді тастап, техникалық шарттарды алды.

«Ыңғайлы қызмет үшін» «Қазақтелекомға» рахмет. Порталда техникалық шарттарды әзірлеу мерзімі көрсетілген-10-нан 15 күнге дейін, бірақ біз оларды бір аптадан кейін алдық.Енді желіні салу және Интернетті қосу үшін мердігерді таңдау қалады", - дейді Ангела Павлова.

Айта кетерлігі, Ismet.kz платформасы ақпараттық қауіпсіздіктің халықаралық талаптарына сәйкес келеді. Порталдың барлық деректері TIER-III (қауіпсіздік, ақаулыққа төзімділік, өнімділік) талаптары бойынша сертификатталған Қазақстандағы ең ірі деректер орталығында сақталады. Сондықтан клиенттер порталда жүргізілетін барлық операциялар мен электрондық құжаттардың сақталуы мен қауіпсіздігіне сенімді бола алады.