Мекеменің маңызды әрі өзіндік орны бар ірі департаменті сегіз автотізбек, екі өндірістік бөлім, екі жөндеу-механикалық цехы, сондай-ақ Ақтау қаласындағы бір автотізбек, техникалық қызмет көрсету гаражы, өндірістік-техникалық бөлім және көлікпен қамтамасыз ету бөлімінен тұрады. Ұжымдағы жалпы саны 1600-ден астам қызметкер:жүргізушілер, машинистер, мотористер, жөндеушілер, диспетчерлер мен инженерлік-техникалық қызметкерлер компанияның көлік саласындағы қызметін сәтті жүзеге асыру үшін ұйымшылдықпен қызмет етеді.
ҚБМ-ның 2023-2025 жылдарға жасақталғанжоспары бойынша автопаркті толықтай жаңартужұмыстары сәтті жалғасып жатыр. 2023 жылы көлік қызметкерлеріне 140 техника табысталса,биыл кен орнына 39 көлік жеткізілді. Жыл соңына дейін тағы 101 техника сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келер жылы бұл тізімді тағы 78 техникамен толықтыру жоспарда.
Департамент жұмысшылары кәсіби жетістіктерімен қатар, шығармашылық пен спорт бағыттарында да биік белестерді бағындырып, Қаражанбас атын асқақтатып жүр.