Атырау магистральдық желі бөлімшесінде өткен сайысқа ШЧ, ЭЧ, ПЧ мекемелері қызметкерлерінің 4-12 жас аралығындағы балалары қатысты.
Сурет салуды жақы көретін бүлдіршіндер аз емес екен, десек те қазылар алқасы ШЧ-9 Ақжайық атынан қатысқан Ақбөбек Думанқызының сәтті шыққан шығармасын 1-орынға лайық деп таныды. Ал екінші орынды Тұрлан Нурикамал жеңіп алса (ШЧ-8 Атырау), 3-ші орынды Нұрбергенұлы Нұрислам (ШЧ-9 Ақжайық) иеленді. Балалар өз суреттерінде теміржолға қатысты өз ой-қиялдарын бояумен қағазға түсіріп, қауіпсіздік пен сақтық шараларын бейнелеуге тырысқан.
Жеңімпаздарды бөлімше басшысының міндетін атқарушы Амангелді Рахмеденов арнайы диплом және сыйлықпен марапаттап, оларға шығармашылық табыс, оқуда озат болуды тіледі.
Қосұйым Мұқашев
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"