Тасымалдарды басқарудың автоматтандырылған орталығын темір жолдың «жүрегі» деп атайды. Тасымалдауды басқару орталығына кіруге қатаң тыйым салынады, бірақ бұл күні балаларға рұқсат етілді.
ТБАО менеджері Наталья Гофман тасымалдау процесіндегі маңызды тұлға диспетчерлердің жұмысы туралы айтып берді. Олар пойыздардың үздіксіз қозғалысына жауап береді. Олардың барлығы да қозғалыс қызметінде үлкен тәжірибесі бар мамандар.
Диспетчерлер оркестрдегі дирижер ретінде тәулік бойы жүк және жолаушылар құрамының қозғалысын басқарады. Нақты уақыт режимінде олардың компьютерлерінің экрандарында темір жолдағы жағдай көрсетіледі.