К 30-летию Независимости Казахстана | 10 ақпан 13:27

Темір жол саласы табысының 95%-ын жүк тасымалы қамтамасыз етті

2020 жылы Қазақстан темір жолдары 11,3 млн жолаушыны тасымалдады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 48%-ға төмен. Мұндай мәліметтерді Еnergyprom.kz сайты жариялады.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ есебінше, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 834 станция, 14 мемлекетаралық пункт, 12 магистральдық желі бөлімі қызмет етті. Ал жолаушы вагондарының қозғалысы 221,3 млн вагон-километрді құраған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 41,8%-ға аз.

Есесіне, жүк пен багаж тасымалы жөнінен 2020 жыл табысты болған. Бұл жылы 413,3 млн тонна жүк тасымалданса, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,3%-ға артық.

Теміржол транспорты компаниясының табысы 984,3 млрд теңгені құраған. Оның басым бөлігі дәстүрге сай жүк тасымалына тиесілі. Оның көрсеткіші 939,4 млрд теңге. Ал жолаушы тасымалынан 44,9 млрд теңге табыс түскен.