Мамандар жол мен инфрақұрылымды көктемгі комиссиялық тексерудің сапасын бағалады.
Комиссия Шағыр – Талдықұдық аралығындағы жолдың, жер төсемінің, энергиямен жабдықтау, автоматика, телемеханика және байланыс құрылғыларының жай-күйін тексерді. Аталған учаскеде 30 сағаттық терезе аясында бір жолға күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл оның сенімділігі мен беріктігін едәуір арттырды.
Сондай-ақ, комиссия өңірдің локомотив депосы мен станцияларының жазғы кезеңде тұрақты жұмысқа дайындығын тексерді. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуын тексеруге ерекше назар аударылды.