К 30-летию Независимости Казахстана | 16 мамыр 09:17

Темір жолда қоғамдық тәртіпті сақтау және тасымалдау процесінің қауіпсіздігі жөніндегі шаралар күшейтілді

ҚТЖ-да ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен теміржолдағы мүліктің қауіпсіздігі мен сақталу деңгейін арттыру бойынша Жол картасын іске асыру бойынша кеңес өтті.

Жол картасы аясында Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдарының перрондарында полицияның мобильді пункттері орнатылды. Жолаушылар қауіпсіздігі үшін жолаушылар пойыздарының барлық бағыттарында вагон-мейрамханалар мен вагон-барларда бейнебақылау камералары орнатылған.

Тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жүргізу  үшін теміржол станциялары мен вокзалдар қосымша бейнебақылау камераларымен жарақтандырылады. Бейнежазба полиция бөлмелеріндегі мониторға түседі және кем дегенде 30 күн сақталатын болады. 

ҚТЖ локомотивтері шұғыл тежеулерді,  кестеден тыс тұрақтарды және жазатайым оқиғаларды тіркеу үшін ішкі және сыртқы бақылау бейнетіркегіштерімен жабдықтауды жалғастыруда. Қазіргі уақытта бейнебақылау жүйесі 347 локомотивте жұмыс істейді.

 

Тасымалдау процесінің тиімділігін және магистральдық желіде пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру үшін "цифрлық шеңбер"жылжымалы құрамды бақылау жүйелерінің ауқымды жобасы іске асырылуда. Қарағанды-Сұрыптау, Жаңаарқа, Арыс, Қандыағаш және Локоть станцияларында бейнебақылау жүргізуге, лазерлік құрылғылар мен таразы аспаптарын қолдана отырып жүктердің жай-күйін айқындауға мүмкіндік беретін шеңбер орнатуды жоспарлап отыр. ҚТЖ станцияларға келетін және кететін вагондардың тұтастығын бақылауды жүзеге асыратын  қолданыстағы 40 кешенге жаңғырту жүргізеді. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін вагондардың шамадан тыс жүктелуіне немесе керісінше жүктің жетіспеуіне жол бермеу үшін Риддер, Аягөз, Шу, Шымкент, Түркістан, Дегелен, Алматы-1, Шиелі, Шетпе, Өзен, Павлодар, Тобыл, Қостанай, Алтынкөл, Сарыағаш, Ганюшкино және Шарбақты станцияларының парктерінде вагон таразылары орнатылған.  

Теміржолда адамдар мен малдарға соқтығысу санын азайту бойынша алдын алу шаралары белсенді жүргізілуде. 540 тыйым салатын белгілер жаңартылды. Жыл соңына дейін тағы 209 белгі жаңартылады. Жыл сайын темір жолға малдың шығуын болдырмайтын 1000 км қоршау құрылғылары орнатылады.