Байқау жеңімпаздары компанияның ресми сайтында 5 күндік онлайн-дауыс беру арқылы анықталды. Конкурсқа қатысу үшін 137 өтінім берілді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Астана теміржол вокзалы кешені» филиалының Технологиялық процесті ұйымдастыру бөлімі вокзал кешенінің кезекшісі Айгүл Баграмова ең көп дауыс санын (936) алды.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС – «Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің» өндірістік қауіпсіздік және экология қызметінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженері Алтын Жұмағұлова екінші орынды иеленді. Ол үшін 687 дауыс берілді.
675 қолданушы сұлулық сайысында үшінші орын алған Айнұр Жұмашеваға дауыс берді. Ол Ақтөбе қаласындағы есеп айырысу орталығында тауар кассирі болып жұмыс істейді.
Тағы да жеті теміржолшы: «Ең сүйкімді», «Ең креативті», «Ең талғампаз», «Ең нәзік», «Ең шабытты», «Ең талғампаз» және «Ең әдемі күлімсіреу» номинацияларымен марапатталды. Олар: Айғаным Әбілмәженова, Жұлдыз Абықанова, Азиза Үрімханова, Зере Мұқанова, Жанар Жебекова, Наргиза Русалиева және Сунаханум Әселдерова.
Байқау жеңімпаздары дипломдар тапсырылады және де еліміздің парфюмерлік дүкендерінің бірінің сыйлық сертификаттарына ие болады.