К 30-летию Независимости Казахстана | 09 желтоқсан 14:00

Теміржол бекеттері мен пойыздағы заң бұзушылықты төмендету акциясы өтіп жатыр

Теміржол бекеттері мен поездағы заң бұзушылықты төмендету бағытында және құқық бұзушылықтардың аладын алу мақсатында Көліктегі ПД-нің қызмет көрсету учаскелерінде жоспарлы түрде «Құқықтық тәртіп», «Қарасора», «Заңсыз келуші», «Топливо» жедел-профилактикалық іс-шаралары және «Тоқтаңыз, басып кету қаупі бар!», «Көліктегі қауіпсіздік!», «Абайлаңыз, поезд!» акциялары өткізіліп келеді, деп хабарлады Rail-news.kz.

Аталған жедел-профилактикалық іс-шараларға және акцияларға Көліктегі ПД қызметкерлерімен бірге 604 қоғамдық көмекшілер және 1064 еріктілер тартылды, іс-шаралар  барысында халықпен кездесулер – 1219 рет, жолаушылар поездарындағы кездесулер – 1183 рет, оқу орындарындағы дәрістер – 1643 рет өткізіліп, нәтижелері БАҚ-та – 3184 рет,  оның ішінде республикалық телеарналарда – 111 рет жарияланды.    

2022 жылдың басынан бері теміржол объектілерінің қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың – 163 фактісі тіркелген, атап айтқанда: теміржол вокзалдарында – 64, перрондарда – 15, жолаушылар поездарында – 84 фактілер орын алған және т.б.

Барлық тіркелген ұрлықтар – 131 факті, атап айтқанда: теміржол вокзалдарында – 48, перрондарда – 9, жолаушылар поездарында – 74.

Жолаушылар поездарында негізінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша – 74 факті тіркелген, оның ішінде ұялы телефон ұрлығы – 64.

Жолаушылар поездарында құқық бұзушылықтарға жол бермеу, болдырмау және алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, соның нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша – 826, 441-бабы (жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу) бойынша – 9, 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша – 87, 437-бабы (тыныштықты бұзу) бойынша – 41 және т.б., барлығы 972 әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырылған.