Осылайша bilet.railways.kz әкімшілігі аталған сайтты қолданушы жолаушылардың пікірлері мен ескертулерін зерделей келіп, сервис жұмысына бірқатар өзгерістер енгізуде.
Порталдың жаңа нұсқасында пайдаланушылар пойыздың толық бағдарымен бірге нақты жол үзігін көре алмақ. Бұл орайда бағыттың станцияға келу және жөнелтілу уақыты дәл көрсетілмек. Бұл қызмет сайттың мобильдік нұсқасында да бірінші рет пайда болғаны атап өтерлік жайт.
Билет сатып алуда үнемдеудің жаңа амалы, ұзаққа жол жүрмейтін жандар төсек керек-жарағынан бас тартса, оның құны билет бағасынан шегерілмек. "Күту парағы" сынды жаңашылдық та қайта қаралып, сайт жылдамдығы жақсарған.
Орынды таңдау кемшіліктері түзетіліп, сайтқа тіркеу жағы жеңілдетіліген. Телефон нөмірі мен жолаушы жынысын сақтау мәзірі ыңғайлы күйге келтірілген.