К 30-летию Независимости Казахстана | 14 қыркүйек 10:49

Теміржол көлігімен тас көмірді елордаға жөнелту 1,5 есе өсті

2023-2024 жылдарғы жылыту маусымына дайындық кезеңінде мамыр айынан бастап теміржол көлігімен елордаға 186,6 мың тонна қатты отын жеткізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп.

Жалпы алғанда 2,7 мыңнан астам вагон түсірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 63%-ке артық.

Өңірлердің қажеттіліктері үшін қатты отынды жеткізу ҚТЖ тасымалдаудың басым түрлерінің бірі болып табылады.