"Бұл ретте инертті материалдың, төсеніштің, автошлагбаумның, тосқауыл құрылғының болуы, байланыс құралының жағдайының, жарықтың, қуат көзінің, дыбыстық дабылдың оңдылығына ерекше назар салынды.
Алдын алу акциясы шеңберінде өткелдер бойынша кезекшілердің лауазымдық міндеттері мен ереже талаптарын сақтауына кенеттен түңгі тексерулер ұйымдастырылды. Олармен техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау бойынша қосымша тәжірибелік және теориялық оқытулар жүргізілді" делінген хабарламада.
Айлық барысында автокөлік жүргізушілерімен түсініктеме жұмыстары өткізілген. Өйткені өткелдердегі жол-көлік оқиғалары осы темір тұлпар тізгіндеушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауынан, тыйым салатын дабылдарды елемеуінен орын алады екен.