Бұл тақырыптық күн танымдық оқиғаға себеп болды. Қазақстанның түрлі қалаларындағы теміржол музейлері жас қонақтарды қарсы алды.⠀
Балалар теміржол көлігі тарихына еніп, алғашқы паровоздар, техника мен технологиялар туралы танып білді. Балалар мұрағат фотосуреттерін, магистраль қызметкерлерінің жеке заттарын қызығушылықпен қарап, теміржолшы формасын да киіп көрді.
Алматы музейінде жас қонақтардың ерекше қызығушылығын Морзе телеграф аппараты мен пойыздардың жөнелтілуі мен келуі туралы хабарлайтын қола қоңырау тудырды.
Бұл күні теміржол мұражайларына 300-ден астам бала келді.