Мобильдік диагностикалық кешендерді енгізу «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба теміржол төсемін ұстап тұру нормаларынан ауытқуды дер кезінде анықтау есебінен пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Кешендердің диагностикалау жылдамдығы жоғары болғандықтан магистральдық желілерді айына 2 рет диагностикалауға мүмкіндігі бар. Кешен мәліметтері негізінде жол инфрақұрылымын жөндеу және қызмет көрсету бойынша жедел шешімдер қабылданады. Бұл техникалық шешімдерді қабылдау процесін айтарлықтай жеделдетеді және шығындарды қысқартады.
Теміржол төсемін тексерудің жаңа жүйесіне өту ескі дефектоскоптар санын қысқартады, сондай-ақ жол инфрақұрылымы жағдайын бағалау кезінде адам ықпалын азайтады.
Қазіргі кезде магистральдық желі инфрақұрылымын диагностикалауды 6 дана жаңа мобильдік диагностикалық кешен жүргізеді. Олардың әрбіріне белгілі бір жол учаскесі бекітіліп берілген.