Жылдағы өткізілетін шара пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін, техникалық құралдарды, өндірістік-техникалық нысандарды, жылжымалы құрамды және инфрақұрылымды тексеруді қамтымақ.
Тексеріс барысында телемеханика мен байланысқа, автоматикаға, энергожабдықтау құралдарына, қолдан тұрғызылған құрылыстарға, жолдардың жайына ерекше назар аударылатыны айтылуда.
"Өрт қауіпсіздігінің жағдайына баға беріледі. Сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын орындау, еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттың алдын алу мәселелеріне ерекше ден қойылады. Қызметкерлермен техникалық оқулар өткізіледі", делінген хабарламада.
Ал локомотивтерді тексеру 10 сәуірден бастау алмақ.
"Тексеру кезінде тепловоздар мен электровоздардың өрткеқарсы және техникалық жағдайы, майларын ауыстыруды қажет ететін жазғы жұмыс режиміне өту дайындығы жан жақты бағаланатын болады", дейді Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің мамандары.
Тексеріс қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жедел жою жөніндегі нақты шаралар қабылданбақ.