Талқылауға көлік прокуратурасының, көліктегі полиция департаментінің, Әскерилендірілген темір жол күзетінің өкілдері шақырылды.
Бұрынғысынша, күн тәртібіндегі азаматтардың теміржол инфрақұрылымындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. 2021 жылы машинистер адамдарды басуға жол бермеу үшін 450-ден астам шұғыл тежеу қолданды. Бұзушылықтардың ең көбі Ақтөбе, Шымкент және Алматы өңірлерінде тіркелген.⠀
Сондай-ақ, қатысушылар теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларының көңілсіз статистикасына алаңдаушылық білдірді. Өткен жылы 26 жол-көлік оқиғасы орын алды. Мал басудың алдын алу үшін локомотив бригадалары 900-ден астам шұғыл тежеу қолданды.