К 30-летию Независимости Казахстана | 19 қазан 16:03

Теміржолдағы қауіпсіздік үнемі басты назарда

Қарағанды қаласында «Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Оған ИИДМ Көлік комитетінің, көліктік бақылау инспекциясының, Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ревизорлар, теміржол саласының ардагерлері және «ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Қатысушылар теміржолда енгізілетін және адамдардың өмірі мен денсаулығына, малға, тасымалданатын жүктердің, инфрақұрылым объектілері мен жылжымалы құрамның сақталуына, қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін фактілерді азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық шаралар кешенін талқылады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелері бірлескен жұмысының арқасында 9 айлық жұмыс нәтижелері бойынша қозғалыс қауіпсіздігін бұзу 23% төмендегені байқалғаны атап өтілді. Нәтижелі құралдардың бірі ревизорлық жұмыс болып табылады. Ревизорлық аппарат қызметкерлері бұзушылық жағдайларын болдырмау үшін жылжымалы құрамды пайдалануды тоқтата тұру және жолдың жоғарғы құрылысының жарамсыздығынан пойыздар қозғалысын жабу жөнінде шаралар қабылдайды.

«Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс үнемі жетілдіруді талап етеді және теміржол көлігі саласында басымдықты болып табылады. Компаниядағы қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесі ҚР заңнамасы талаптарына, жалғыз акционер талаптарына, ИСМ халықаралық стандарттарына сәйкес құрылған және Компанияның ішкі құжаттарымен реттеледі», – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі директоры Марат Шәкенов.

 

Қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндірген жолдан шығып кетулерден кейін балқыманың бір партиясынан дайындалған бүйірлік рамаларды пайдаланудан алу тиімді әсер етті. КАПС-БП бағдарламалық қамтудың арқасында түйіспесіз жолдан тайқулар саны азайды. Мобильді-диагностикалық кешендермен (МДК) жол диагностикасы, ультрадыбыстық және магниттік дефектоскопия, ал жолдың жоғарғы құрылысы элементтеріне бейне бақылау жүргізіледі. Бұл рельстер жарықшағының кемуіне әкелді. Шаруашылықтарды қысқы кезеңде жұмысқа уақытылы дайындау есебінен де оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Магистральдық темір жол желісінде жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, тасымалдау процесінің бөгде қатысушылары неғұрлым ауыр зардаптарға әкеп соғатын жағдайларға жол беріледі. Мысалы, Ұлпан станциясында 26 ақпанда апат болды. Төтенше жағдай ұйымдастырылған пойызда орын алды, ол кезде 22 вагон бүйірлеп құлап, кейіннен инвентарь құрамынан шығарылды. Екінші жағдай 26 тамызда Жамбыл облысындағы Үшбұлақ – Ақшолақ аралығындағы жарылыстармен байланысты. Қалыптасқан төтенше жағдай темір жолға да кері әсерін тигізді. Сол күні 22 жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің, өңірдің ТЖД өкілдері мен жергілікті атқарушы органдардың үйлесімді жұмысының арқасында ауыр зардаптарға жол берілмеді.

Семинар-кеңес қорытындысы бойынша қозғалыс қауіпсіздігін бұзу санын азайту және өткен жылдардағы қателіктердің алдын алу бойынша қосымша шаралар әзірленді.