К 30-летию Независимости Казахстана | 23 ақпан 08:40

Теміржолдағы көктемге дайындық

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ желісінде көктемге дайындық қызу жүріп жатыр.

Тасқын суды өткізіп жіберу үшін теміржолшылар барлық су өткізу құрылыстарын қардан тазартуда. Су бұрғыш жыраларды, науалар мен кюветтерді аршуда. Қажет болған жағдайда мұзды ұсақтау және қар көшкінін түсіру бойынша бұрғылау-жару жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатыр.⠀

Өткен жылдар тәжірибесінен барлық өңірлер бойынша 673 қауіпті саналған орын анықталды. Ондай жерлерге күшейтілген бақылау орнатылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қауіпті орындар тізімін локомотив бригадалары техникалық сабақтарда зерттеледі. Сондай-ақ машинистер мен олардың көмекшілері су тасқыны кезінде пойыздарды жүргізу бойынша нұсқаулықтан өтеді.⠀

Штаттан тыс жағдайларға жедел ден қою үшін темір жолда 45 шаюға қарсы пойыз құрылуда. Олар кесек тастармен, рельс пакеттерімен, шпалдармен жабдықталған. Су басқан жағдайда теміржолшылар қысқа мерзімде жолдың зақымдалған учаскелерін қалпына келтіруге және пойыздардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге дайын.