К 30-летию Независимости Казахстана | 28 наурыз 09:40

Теміржолдағы су тасқыны жағдайы күнделікті бақылауда

Темір жол бойында орналасқан 670 астам ықтимал қауіпті орындар ерекше бақылауға алынды.

Су бұру құрылыстары, көпірлер, бөгеттер, су қоймалары, су өткізгіш құбырлар, дренаждық құдықтар қар мен мұздан тазартылды. Шайып кетуге  қарсы 45 пойыздың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды. Олар зақымдалған темір жолдарын тез қалпына келтіру және пойыздардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін қажет.

Станциялар мен аралықтарда, сондай-ақ өзендер мен су қоймаларына тікелей жақын орналасқан жол учаскелерінде су тасқыны жағдайына күнделікті мониторинг жүргізіледі.